Дағыстандағы теракт: аудан басшысының ұлы қылмыстық топты ұйымдастырушы деп танылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомДағыстанның Жоғарғы соты Дағыстанда теракт жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топты Сергокалинск ауданының бұрынғы басшысының ұлы құрғанын хабарлады.
РИА Новости агенттігінің елдің Жоғарғы сотына сілтеме жасап мәлімдеуінше, 31 жастағы Осман Омаров (Магомед Омаровтың ұлы) қылмыстық топ құрған.
"Бір мақсатпен біріккен қылмыстық топ мүшелері Дағыстан Республикасының аумағында террорлық әрекеттер жасауға дайындалған", - деп жазды басылым авторлары.
Сондай-ақ сот Осман Омаровтың қылмыс жасауға тікелей қатысу үшін сыбайластарынан оны қылмыстық топтың жалғыз басшысы деп тануын және оған ант беруін талап еткенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 23 маусымда кешке таман Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар болды. Терракт салдарынан оннан астам полицей мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза болғаны хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2125422-dagystandagy-terakt-audannyng-buryngy-basshysynyng-uly-qylmystyq-topty-uiymdastyrushy-dep-tanyldy/