Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда селден қаза болғандар саны 8 адамға жетті

Жарияланған күні:

Сел жүрген аумақ
Апат аумағындағы құтқарушылар. Фото: facebook.com/oshobluvd

Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында 28 маусымда алапат сел болған жерден тағы бір әйелдің денесі табылды. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, кеше кешкісін лай көшкіні алып кеткен тағы бір әйелдің денесі табылды. Қазір марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

"Осылайша, 28 маусымда Ноокат ауданында болған табиғи апаттан қаза болғандардың саны 8 адамға жетті, олардың көбі – жасөспірім. Екеуінің жасы 11-де, қалғандары 8, 12, 16 және 19 жаста болған. Сондай-ақ екі әйел адам бар.

Кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, қаза тапқандардың көбі бір-біріне туыс боп келеді", - делінген басылым ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін қаза тапқандар арасында Қазақстанның кәмелеттік жасқа толмаған азаматтары бар екенін жазған едік. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Екі жасөспірімнің денесі табылған.

Қырғызстанда су тасқыны 28 маусымда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2126286-qyrgyzstandagy-sel-qaza-bolgandar-sany-8-adamga-zhetti/