Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Иран президентін сайлау: әзірге ең ұстамды кандидат көш бастап келеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Масуд Пезешкиан
Масуд Пезешкиан. Фото: Hossein Beris/Middle East Images/AFP/Getty Images

Иран президенттігіне кандидаттардың ішіндегі ең ұстамдысы болып саналатын Масуд Пезешкиан ядролық бағдарлама бойынша бұрынғы келіссөзші, консерватор Саид Джалилимен бірге сайлаудың екінші кезеңіне өтті.

Бірінші турда жеңіске жету үшін кандидаттар 50 пайыз дауыс жинауы керек еді, бірақ екеуінің де нәтижелері 40 пайыз шамасында болды, соның ішінде Пезешкиан аз ғана басымдықпен алда келеді.

Иранның Ішкі істер министрлігі сайлаудың екінші туры 5 шілдеге жоспарланғанын растады.

Ішкі істер министрлігінің алдын ала есептеулері бойынша, Джалили бұрынғы кардиохирург және денсаулық сақтау министрі Пезешкианнан миллионға жуық дауыспен қалып келеді.

Реформатор деп саналғанымен, Пезешкиан Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеиге қатты берілген. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, егер ол преидент болып сайланса, одан көп өзгерісті күтудің қажеті шамалы.

Сайлау 19 мамырда бұрынғы президент Ибрахим Раиси Әзербайжаннан ұшып келе жатқан тікұшақ апатынан қаза тапқаннан кейін жарияланды. Табиғи апаттан тағы жеті адам қаза тапты.

Иранда 61,5 миллион сайлаушы болса да, 28 маусымда 40 пайызға жуығы ғана дауыс берген, бұл – 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі ең төменгі көрсеткіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2126340-iran-prezidentin-sailau-azirge-eng-ustamdy-kandidat-kosh-bastap-keledi/