Үндістанда діни фестиваль кезінде болған кептелістен жүзден астам адам қаза болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомСейсенбі күні Уттар-Прадеш штатындағы Хатрас қаласында діни іс-шара кезіндегі адамдар қысылып, салдарынан 107 адам қаза тапты. Бұл туралы Hindustan Times хабарлайды.
Сейсенбі күні Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында діни іс-шара кезінде адам кептелісінен кем дегенде 107 адам (олардың көбі әйелдер) қаза тапты.
Жергілікті басылым мәліметінше, оқиға діни уағызшы Бхоле Баба ізбасарларына сөз сөйлегеннен кейін болған. Іс-шара арнайы шатырда өтті.
Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін Бхоле Баба ізбасарларына жиын өткізуге рұқсат берілген. Полицейлердің пікірінше, алдын ала болжам бойынша оқиға ауа жетіспеушілігі мен қатты қысымнан болуы мүмкін.
Аман қалғандардың бірінің айтуынша, діни іс-шара аяқталып, жиналғандардың барлығы кете бастағанда қысылысқан.
"Ол жерде көп адам жиналды, бәрі бір-бірінің үстіне құлады, мен кетейін деп жатқанда, көптеген адамдар есінен танып қалды, бірзы қаза болды", - деді зардап шеккен адамның бірі.
Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2127756-undistanda-dini-festival-kezinde-bolgan-keptelisten-zhuzden-astam-adam-qaza-boldy/