Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстанда никаб киюге уақытша тыйым салынды

Жарияланған күні:

Паранжа (сол жақта) және никаб (оң жақта) киген әйелдер
Паранжа (сол жақта) және никаб (оң жақта) киген әйелдер. Фото: AHMAD SAHEL ARMAN/Getty Images

Республикадағы террорлық шабуылдардан кейін Дағыстан мүфтияты жаңа теологиялық қорытынды шыққанша және қауіп-қатер жойылғанша никаб киюге уақытша тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дағыстан мүфтиятына сілтеме жасап хабарлайды.

"Муфтият Ұлттық саясат және дін істері министрлігінің республика халқының қауіпсіздігіне төніп тұрған қатер туралы хабарлаған үндеуіне сілтеме жасап және пәтуа бөлімінің қорытындысына сүйене отырып, анықталған қауіп-қатер жойылып, жаңа теологиялық қорытынды жасалғанға дейін никаб киімін киюге уақытша тыйым салу туралы хабарлайды.

Алла Тағаладан мұсылмандарды бәле-жаладан құтқарып, сабырлық пен бірлігімізді нығайтуын сұраймыз", - делінген Дағыстан мүфтиятының Telegram-дағы ресми арнасында.

Еске салсақ, 23 маусымда кешке таман Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар болды. Терракт салдарынан оннан астам полицей мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза болғаны хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2128128-dagystanda-nikab-kiiuge-uaqytsha-tyiym-salyndy/