Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда қамауға алу кезінде қашпақ болған судья жол апатына ұшырады (видео)

Жарияланған күні:

Ұсталған күдікті. Фото
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қырғызстанның Шу облысында бопсалады деген күдікпен екі судья ұсталды. Ұстау кезінде судьялардың бірі қашып кетуге тырысқан, деп хабарлайды 24kg порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"2024 жылғы 2 шілдеде Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы 6 мың доллар (2,8 млн теңге – ред. ескертпесі) бопсалау фактісі негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша А.Т.А., Қ.У.Ж. және делдал болған сот отырысының хатшысы О.Ж.Д. ұсталды.

Айта кетейік, қамауға алу кезінде судья Қ.У.Ж. қызметтік көлігімен қауіпсіздік қызметкерлерінен жасырынбақ болып, жол апатына ұшыраған", - делінген комитет таратқан хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, тергеу барысында аталған судьялар сот отырысының хатшысы арқылы сотталушы М.Н.-дан қылмыстық іс бойынша ақтау үкімін шығару үшін 10 мың доллар (4,7 млн теңге) бопсалаған.

Сотталушы бас тартқаннан кейін сот отырысының хатшысы судьялардың нұсқауымен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза үшін 6 мың АҚШ долларын талап етті.

Қажетті соманы алған судьялар ақшаны өзара бөлісті, деп хабарлайды Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Қазір судьялар да, сот хатшысы да қамауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2129346-qyrgyzstanda-qamauga-alu-kezinde-qashpaq-bolgan-sudia-zhol-apatyna-ushyrady-video/