Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда билікті күшпен басып алуға әрекеттенген деген күдікпен 5 адам ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
instagram.com/gknb.official
Тәркіленген заттар. Видеодан кадр: instagram.com/gknb.official

Қырғызстанда билікті күшпен басып алуды және жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған деген күдікпен бес адам ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Instagram-дағы парақшасында деструктивті топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, ұсталғандар тобы "азаматтарды қазаға ұшыратып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру арқылы билікті күшпен басып алуды және елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруды жоспарлаған".

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қырғызстан Республикасының азаматтары: К.Б.А., М.Е.Ж., Б.Б.К., М.А.Ж. және С.А.Б. ұсталды. Олар Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл топ қылмыс идеологиясын қолдайтын, сондай-ақ діни идеологияны фанатизммен ұстанатын адамдардан құрылғаны анықталды.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен пайдаланатын көлік құралдарын тінту кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс қаруы, оқ-дәрілер, рациялар, оқ өткізбейтін кеудешелер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің киімдері, дрондар, экстремистік әдебиеттер, сондай-ақ тыйым салынған басқа да заттар табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Елдің құзырлы органы қазіргі уақытта қосымша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2129703-qyrgyzstan-biligi-kushpen-basyp-alu-areketining-satsiz-aiaqtalganyn-malimdedi/