Иранның жаңа президенті сайланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомРеформашылдар қанатының кандидаты Масуд Пезешкиан Ирандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Ол елдің тоғызыншы президенті болып сайданды, деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Басылым ақпаратынша, Пезешкианның жеңісі туралы Иран Ішкі істер министрлігі сайлау комиссиясының басшысы Мохсен Эслами мәлімдеді.
"Барлығы 30 миллион 510 мың 157 дауыс саналды. Оның 16 миллион 384 мың 403 дауысы Масуд Пезешкианға, ал Саид Джалилиге 13 миллион 538 мың 179 дауыс берілді", - деді ол.
Қазір 69 жастағы Пезешкиан реформашылдар қанатының мүшесі және соңғы бес шақырылымдағы Иран парламентінің депутаты.
Ол бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ президенттік сайлауға екі рет қатысқан: 12 жыл бұрын ол сайлау додасынан өз бетімен кетуге шешім қабылдады, ал 2021 жылғы сайлауда оның кандидатурасын Иранның бақылаушылар кеңесі мақұлдамаған.
Еске салайық, Иранда кезектен тыс президенттік сайлау 19 мамырда Ибрахим Раисидің ұшақ апатынан қаза табуына байланысты тағайындалды. Президент пен Сыртқы істерминистрлігінің басшысы ұшқан тікұшақ апатқа ұшырады.
Тікұшақты 10 сағаттан астам уақыт іздеді және тікұшақтың сынықтары 20 мамырда ғана табылды. Кейінірек, Иран тікұшақ бортындағы барлық адамдардың қаза тапқанын ресми түрде растады.
23 мамырда Ибрагим Раиси елдің солтүстік-шығысындағы туған қаласы Мешхедте жерленді. Иран президентінің жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан мәжіліс спикері Ерлан Қошанов барды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2129997-irannyng-zhanga-prezidenti-sailandy/