Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда контрабандашы 100-ден астам тірі жыланды шалбарына тығып алып өтпек болған

Жарияланған күні:

Жылан. Фото
Жылан. Фото: Қытай Кедені

Қытайдың кеден қызметі Футянь портында контрабандашыны ұстады. Ер адам 104 жыланды шалбарына тығып, елге кіргізбек болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

The Guardian сайтында жарияланған ақпарат бойынша, саяхатшы Гонконгтан Қытай аумағына өтпек болған. Ол шекаралық бақылаудан өту кезінде ұсталды.

"Тексеру кезінде кеденшілер ер адамның шалбарының қалтасынан скотчпен оралған алты пакетті анықтады", - деді кеденшілер.

Олардың әрқайсында әртүрлі типтегі, пішіндегі, өлшемдегі және түстегі тірі жыландар болған. Жалпы 104 тірі жылан тәркіленген.

Олардың арасында жүгері жыланы, Кэмпбеллдің патша жыланы, батыс күрек мұрынды жылан, Бэйрд егеуқұйрық жыланы және бұқа жылан бар. Бұл жыландар Қытай аумағында кездеспейді. Оларды елге тек биліктің ресми рұқсатымен ғана кіргізуге болады.

"Қытай — әлемдегі жануарлар саудасының ең ірі орталықтарының бірі, бірақ соңғы жылдары билік заңсыз саудамен күресті күшейтті", - деп жазады басылым.

Енді тәртіп бұзушы ел заңнамасына сәйкес жазаға тартылады. Кеденшілер оның нақты қандай жазаға тартылатынын айтқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2131875-qytaida-kontrabandashy-100-den-astam-tiri-zhylandy-shalbaryna-tygyp-alyp-otpek-bolgan-video/