Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда бірнеше адамды сел ағызып әкетті: бір баланың денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қырғызстандағы сел
Қырғызстандағы сел. Видеодан кадр: Қырғызстан ТЖМ

Ошта демалыс орындарының бірінде сел жүріп, үш қыз мен бір әйелді ағызып кетті. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі бір баланың денесі табылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 14 шілдеде "Мол бұлақ" демалыс аймағында 44 жастағы әйел мен үш қызды (бұрын 2005, 2014 және 2018 жылы туған) сел ағызып кеткен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын бастады.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.

Қыздың денесі "Достық" шекарасы арқылы қырғыз тарапына берілді.

Қазір құтқарушылар екі әйел мен тағы екі қызды іздеуді жалғастыруда.

Сондай-ақ Қырғызстан ТЖМ апат салдарымен күресіп жатқан құтқарушылардың жұмысы туралы видео жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Ош облысы мен Ош қаласында сел жүрді. Лай ағыны көліктерді ағызып, жолдарды су басқан. Кеше түстен кейін Төтенше жағдайлар министрлігі төрт адамның жоғалғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұл аймақта шілде басында да сел жүрген. Ол кезде апат салдарынан 10 адам қаза тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2133957-qyrgyzstanda-sel-saldarynan-birneshe-adam-qaza-tapty-balanyng-denesi-tabyldy/