Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"600 млн доллар": әлем назарын аударған ғасыр тойы қалай өтті

Жарияланған күні:

Анант Амбани мен Радхика Мерчант
Анант Амбани мен Радхика Мерчант: vogue.com

12-14 шілде аралығында Мумбайда Анант Амбани мен Радхика Мерчанттың үйлену тойы ерекше сән-салтанатпен өтті. Күйеу жігіттің әкесі Мукеш Амбани – Үндістандағы ең бай адам. Тойға Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Майк Тайсон, Жан-Клод Ван Дамм және тағы басқа танымал адамдар қатысты.

Үйлену тойының басты шарасы Мумбайдағы Reliance Industries компаниясына тиесілі Jio World көрме орталығында өтті. Ауқымы бойынша ол FIFA футбол алаңынан 12 есе үлкен. Қалған екі рәсім – "Шубх Аширвад" пен Мангал Утсав" Амбани отбасының 27 қабатты зәулім үйі Антилияда өтті.

Тойға келген атақтылардың қатарында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Борис Джонсон мен Тони Блэр, тележүргізушілер Ким және Хлоуи Кардашьяндар, үнді модельдері мен актрисалары Айшвария Рай, Приянка Чопра, бұрынғы америкалық кәсіпқой боксшы Майк Тайсон және т.б. бар.

Айшвария Рай
Айшвария Рай. Фото: vogue.com

Тойға келген қонақтар үнді сарилері мен танымал дизайнерлер тіккен дәстүрлі киімдер киді.

Актер Джон Сина
Актер Джон Сина. Фото: vogue.com

Күйеу жігіт Анант Амбани
Күйеу жігіт Анант Амбани. Фото: vogue.com

Күйеу жігіттің әкесі – миллиардер Мукеш Амбани. Ол – Reliance Industries компаниясының төрағасы және басқарушы директоры, ал анасы – филантроп Нита Амбани. 67 жастағы Мукеш ерлі-зайыптыларға Дубайдағы Пальм-Джумейрадағы құны 80 миллион доллар тұратын, жеке жағажайы бар 10 бөлмелі вилланы сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2134203-600-mln-dollar-alemdi-ozine-qaratqan-gasyr-toiy-qalai-otti-foto-video/