Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандағы сел: өзеннен әйелдің денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қырғызстанда ұұтқарушылар әйелдің өлі денесін өзеннен тапты
Қырғызстанда ұұтқарушылар әйелдің өлі денесін өзеннен тапты. Фото: Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстанда құтқарушылар сел ағызып әкеткен әйелдің денесін өзеннен тапты. Бұған дейін әйелдің хабар-ошарсыз кеткені хабарланған еді, деп хабарлайды Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, Ош қаласы мен Ош облысында алапат сел жүріп, демалыс орындарының бірінде үш қызымен бірге әйелді лай көшкіні алып кеткен. Бұған дейін жасөспірім қыздың денесі табылған еді.

"Ош қаласының Катта-Терек учаскесінде Ақ-Буура өзенінің жағасында (Өзбекстан шекарасынан 500 метр жерде) Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері әйелі өлі күйінде тапты", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін нақтыланған мәліметтер бойынша, табылған азамат 1980 жылы туған, Ош қаласында кел кезінде із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.

Құтқарушылар әйелдің денесін өзеннен шығарып, кейін полицияға тапсырды.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның Ош облысы мен Ошснова қаласында сел болды. Лай көшікіні көліктерді ағызып, жолдарды су басқан.

Ошта болған сел кезінде демалыс орындарының бірінде үш қызымен бірге әйел жоғалғаны хабарланды. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады. Қыздың денесі Қырғызстан тарабына берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2134221-qyrgyzstandagy-sel-ozennen-aielding-denesi-tabyldy/