Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бангкоктағы қонақүйде жұмбақ жағдайда көз жұмған 6 Вьетнам азаматының денесі табылды

Жарияланған күні:

Бангкоктағы қонақ үй алдында тұрған полицейлер
Бангкоктағы қонақ үй алдында тұрған полицейлер. Фото: NurPhoto/Getty Images

Бангкок полициясы Таиланд астанасындағы қонақүйлердің бірінде денесі табылған алты адамның өліміне байланысты мән-жайды анықтап жатыр. Қайтыс болғандардың барлығы вьетнамдық, ақпарат көздері қаза болғандардың кейбірінің қос азаматтығы (АҚШ) бар екенін хабарлаған.

Таиландтың қоғамдық хабар тарату корпорациясы полициядағы дереккөздерге сілтеме жасап, қаза тапқандар үш ер адам мен үш әйел екенін хабарлады.

Қонақүй видеожазбаларына сәйкес, жеті адамнан тұратын топ қонақүйде нөмірлер брондаған, бірақ тек бесеуі ғана тіркелген. Ал өлі табылған алтыншы адам қонақ үй тізімінде жоқ, дейді полиция.

Қазіргі уақытта полиция марқұмдар уланып көз жұмған болуы мүмкін деп отыр. Полициядағы дереккөздер токсикологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Марқұмдардың қанынан күдікті зат табылды, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша түскі сағат екілер шамасында қонақтар өз бөлмесіне тапсырыс берген сусындармен бірге ішуі мүмкін. Дегенмен полицейлер әзірге қорытынды жасаудан немесе түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Полицейлерді қонақүйге жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 17:30-да шақырған.

Сарапшылар бұған дейін мүрдені тексеру басталған кезде құрбандардың өлгеніне 24 сағаттай уақыт болғанын хабарлаған. Тамақтан улану да қарастырылды, бірақ бөлмеге тапсырыс берілген тағам желінбеген.

Топ дүйсенбі күні қонақүйден кетуі керек болған.

Бұған дейін полиция өкілі оқиға орнында пайдаланылған шай мен кофе ішілген бос шыныаяқтар табылғанын айтқан.

Марқұмдардың денесі қонақ бөлме мен жуынатын бөлмеден табылған.

Оқиға орнына барған Таиланд премьер-министрі Сетта Тхависин болған оқиға елдің имиджіне және туристердің келуіне әсер етпеуі керек деп, тергеуді жеке бақылауына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2135397-bangkoktagy-qonaquide-zhumbaq-zhagdaida-qaza-tapqan-6-vetnam-azamatynyng-denesi-tabyldy/