Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Астанадан келе жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Жарияланған күні:

автобус
Өртеніп кеткен автобус. Фото: t.me/mchs

Ресей аумағында Астанадан Моңғолияға бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Барлық жолаушылар эвакуацияланды, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Алтай Республикасының ТЖМ-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресейдегі Алтай Республикасының Оңдай аймағында жолаушылар автобусы өртеніп кетті.

"Сағат 06:13-те "Р-256 Чуйский тракт" жолының 720-шақырымында Астана (Қазақстан Республикасы) – Баян-Өлгий (Моңғолия Республикасы) бағытында келе жатқан автобуста өрт шыққаны туралы хабар түсті", - делінген ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасында.

Автобус салонында 50 адам болған, оның 15-і балалар. Олар эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Автобус жолаушылары
Автобус жолаушылары. Фото: t.me/mchs_04

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетіп, сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Жолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылмады.

Автобус жолаушылары Инь ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2137413-reseide-astanadan-zholaushylar-mingen-avtobus-ortenip-ketti/