Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел тарихындағы ең нашар президент": Трамп Байденнің президенттік бәсекеден шығып қалғанын сынады

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brett Carlsen/Bloomberg/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденнің президенттік бәсекеден бас тартуы жөнінде пікір білдіріп, Камала Харристің табысқа жету мүмкіндігіне баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Америка Құрама Штаттарының 45-президенті CNN арнасына берген сұхбатында өзінің бұрынғы қарсыласын "Америка Құрама Штаттары тарихындағы ең нашар президент" деп атады. Трамп тілшілермен Байден мәлімдеме жасағаннан кейін бірнеше минут өткен соң сөйлескен.

Сондай-ақ Трамп Демократиялық партиядан кандидат болуға ниетті Камала Харристі жеңу тіпті оңай болатынын айтты.

Кейінірек өзінің Truth social әлеуметтік желісінде Трамп Джо Байденнің президенттігі туралы пікір білдірді.

"Джо Байден – еліміздің тарихындағы ең нашар президент. Ол оңтүстік шекарадан, энергетикалық үстемдіктен, ұлттық қауіпсіздіктен, халықаралық беделден және т.б. бастап елімізді жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Ол жойқын пікірталас кезінде тұралап қалды. Енді оны жемқор және радикалды демократтар шетке ысырып тастады", - деп жазды саясаткер.

Оның айтуынша, Байден президенттік қызметке жарамсыз болған. Трамп сонымен қатар қазіргі Ақ үй басшысының айналасындағылар оның когнитивті жағдайы туралы шындықты жасырғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

Арнайы қызмет өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туғандарына көңіл айтты.

Сондай-ақ ФТБ өкілдері Дональд Трампқа оқ атқан ер адам Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2137635-el-tarihyndagy-eng-nashar-prezident-tramp-baidenning-prezidenttik-basekeden-shygyp-qalganyn-synady/