Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде квест бөлмесінде өрт шығып, екі адам қаза болды

Жарияланған күні:

Квест. Фото
Квест. Фото: idel-tat.ru

Махачкалада квест кезінде өрт шығып, салдарынан екі адам қаза тапты. Дағыстан Республикасының прокуратурасы тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"РИА Новости" агенттігінің мәліметінше, Махачкалада бір бойжеткен квесттен өту кезінде өрттен қаза тапқан.

"22 шілдеге қараған түні Махачкалада квест бөлмесінде өрт шығып, салдарынан бір қыз қайтыс болды", - деді агенттік өкілі.

"Махачкалада квест бөлмесіндегі өрттен қаза тапқандар саны екіге жетті, тағы бір бойжеткен ауруханада көз жұмды", - деп хабарлады медициналық мекеме өкілдері "РИА Новости"-ге.

Дағыстан прокуратурасының сайтында өртке қатысты тергеу жүргізілетіні туралы хабарлама жарияланды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылғы 22 шілдеге қараған түні квест бөлмесінде өрт шықты. Қадағалау іс-шаралары барысында квест ойындарды ұйымдастырушының қызметіндегі заңнама талаптары бойынша баға берілелі. Осы факт бойынша процестік тексерудің барысы мен нәтижелері бақылауға қойылды", - деп хабарлады прокуратура өкілі.

Telegram-дағы Mash арнасында жарияланған ақпарат бойынша, бірінші 19 жастағы студент қыз қаза болған, ал өрт жүргізуші қолғапты өртеген кезде басталған.

Ал Telegram-дағы Mash Gor арнасы квест бөлмесі Дағыстан құрамасының КВН ойыншысы Гусейн Ибрагимовке тиесілі екенін жазды.

"Махачкалада түнгі сағат екіде квест бөлмесі өртеніп, 19 жастағы Асия қайтыс болды. Дәл сол жерде 25 жастағы Медина жатыр. Оның денесінің 97 пайызын күйік шалды. Сондай-ақ 20 жастағы Саидтың денесін 50 пайыз күйік шалған", - деп жазған арна авторлары.

Айта кетейік жазба жарияланған сәтте тек бір бойжеткеннің көз жұмғаны ғана белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2137875-reseide-kvest-bolmesinde-ort-shygyp-eki-adam-qaza-boldy/