Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден президенттік бәсекеден бас тартты: Демократиялық партия жаңа кандидатты қашан таңдайды

Жарияланған күні:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Kevin Dietsch/Getty Images

Демократиялық партия президент сайлауынан бас тартқан Джо Байденнің орнына үміткерді қашан таңдайтыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"РИА Новости" мәліметі бойынша, Демократиялық партия 7 тамызға дейін қарашада өтетін президент сайлауына Джо Байденнің орнына үміткерді таңдайды.

Демократиялық Ұлттық комитет төрағасы Джейми Харрисон мен комитеттің тең төрағасы Миньон Мурдың хатына сәйкес жаңа кандидат электронды дауыс беру арқылы таңдалады.

"Демократиялық партия президенттікке және вице-президенттікке кандидаттарымыздың сайлау бюллетеніне қол жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін куәландырылуын қамтамасыз ету үшін конвенцияның кандидатуралар туралы бөлігін электронды түрде көшіруге дайын", - делінген хабарда.

Іріктеу процесі делегаттардың жалпы санынан 300 қол жинаған кез келген кандидат үшін ашық болатыны атап өтілді.

Мурдың айтуынша, қазіргі уақытта съезд делегаттарының басым көпшілігінің даусын бірде-бір кандидат иеленбеген. Сондай-ақ ол бұл процесті ертерек, 1 тамызға дейін аяқтауға болатынын да жоққа шығармады.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын жазған едік.

Джо Байден соңғы кездерде түрлі қылық көрсетіп жүргені мәлім. Мәселен, радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты.

Сондай-ақ Байден президенттік бәсекеден кетуге шешім қабылдағанын, сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2138274-baiden-prezidenttik-basekeden-bas-tartty-demokratiialyq-partiia-zhanga-kandidatty-qashan-tangdaidy/