Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Microsoft жуырда болған жаҺандық ақаудың ықтимал себебін атады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Microsoft ғимараты
Microsoft ғимараты. Көрнекі фото: pixabay.com

Windows операциялық жүйесіндегі жаһандық аппараттық ақау Microsoft пен Еуропалық комиссия арасындағы келісімге байланысты туындаған болуы мүмкін. Бұл жөнінде The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымда жарияланған арнайы мақалада Windows операциялық жүйесінде болған жаҺандық ақаудың себептері қарастырылыпты. Басылым тілшілері ақау Microsoft пен Еурокомиссия арасындағы бағдарламалық жасақтамаға қатысты келісімге байланысты туындады деген қорытындыға келген.

Материалда Crowdstrike компнаиясы мен Falcon киберқауіпсіздік қолданбасына көп көңіл бөлінеді. Сарапшылардың пікірінше, қолданбадағы ақау дүние жүзіндегі 8,5 миллион Windows жүйесінің істен шығуына әкеп соқтырған.

"Microsoft өкілі фирма Еуропалық комиссиямен келісімге байланысты Apple секілді операциялық жүйесін заңды түрде қорғай алмайтынын айтты", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, 19 шілдеде желіде Microsoft операциялық жүйесінде ақау шыққаны туралы хабарламалар тарады. Бұл дүниежүзіндегі бірқатар банк, авиакомпания мен әуежай, сондай-ақ телеарналар мен басқа компаниялардың жұмысы тоқтап қалды.

Осыған байланысты Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері мәлімдеме жасап, еліміздің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмегенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2138748-microsoft-zhuyrda-bolgan-zhahandyq-aqaudyng-yqtimal-sebebin-atady/