Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Жарияланған күні:

Өрт
Өрт. Видеодан кадр: X/Sarkarihelpline.com

Непал астанасы Катмандуда бортында 19 адам болған ұшақ апатқа ұшырап, артынша өрт басталды. Қазір арнайы қызмет оны ауыздықтап, өрттің таралуына жол бермеуде.

Непал астанасы Катмандудағы Трибхуван әуежайында бортында 19 адам болған ұшақ апатқа ұшырап, одан кейін өрт шықты. Бұл туралы My Republica басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, Sourya Airlines ұшағы жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 11-де ұшып шықпақ болған кезде құлаған. Катмандудан Покхараға бет алған ұшақта барлығы 19 адам болғаны хабарланды.

Басылым хабарлауынша, өрттің басталып, оны әуежай қауіпсіздік қызметкерлері мен өрт сөндірушілер сөндірген.

The Himalayantimes сайты ұшақта тек экипаж мүшелері болғанын және жолаушылар болмағанын хабарлады. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2139087-nepalda-bortynda-19-adam-bolgan-ushaq-ushyp-bara-zhatyp-qulady-video/