Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғасырға жуық уақыт өтті": 98 жастағы ғалым доктор атағын алды

Жарияланған күні:

98 жастағы Розмари Фаулер
98 жастағы Розмари Фаулер. Фото: theguardian.com

75 жыл бұрын отбасын құру үшін докторлық дәрежесінен бас тартқан көрнекті физик өзінің бұрынғы университетінің құрметті докторы атағын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

98 жастағы Розмари Фаулер 1948 жылы Бристоль университетінде Сесил Пауэллдің басшылығымен каон бөлшектерін ашып, профессордың 1950 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын алуына үлес қосқан.

Алайда келесі жылы Розмари Фаулер ашқан жаңалығын үш ғылыми мақалада жариялап, университетті тастап кетеді. Ал 1949 жылы ол физик Питер Фаулерге тұрмысқа шығады. Cоғыстан кейінгі жылдарда жұбайы екеуі үш баласын өсіріп жеткізуді ойлайды.

"Мен мұның жаңа нәрсе екенін және өте маңызды болатынын бірден білдім. Біз бұрын-соңды көрмеген нәрсені көрдік – бөлшектер физикасын зерттеу, міне осыған байланысты болды. Бұл өте қызықты еді", - деп еске алады ғалым университет қабырғасында жасаған зерттеуі туралы.

Доктор Фаулер бұл атақтың үлкен мәртебе екенін, дегенмен ерекше құрметке лайық ештеңе істемегенін айтқан. Бристоль университетінің ректоры, Нобель сыйлығының лауреаты Сэр Пол Нерс оған Кембридждегі үйінің жанында жеке дипломдар рәсімінде құрметті ғылым докторы атағын берді.

Фаулер 1926 жылы Саффолк қаласында дүниеге келген, бала кезінен математика мен жаратылыстануға қызығушылық танытқан. Ол өз курсында университетке түскен жалғыз қыз болған.

Ғалымның балалары да ғылым жолын қуыпты. Қызы Мэри Фаулер Кембриджде математиканы, содан кейін геофизиканы оқып, Швейцария, Канада, Лондон және соңында Кембриджде академиялық мансабын құрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2139285-gasyrga-zhuyq-uaqyt-otti-98-zhastagy-galym-doktor-atagyn-aldy/