Қырғызстандағы сел: елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шенеуніктер ұсталғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстанда сел салдарынан қираған тұрғын үйлер тексеріліп жатыр. Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жер телімін заңсыз берді деген күдікпен бірнеше шенеунік ұсталғаны туралы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәліметінше, селден зардап шеккен Ош қаласындағы шағын аудандардың біріндегі тұрғын үйлерге келтірілген залалды анықтау мақсатында тексеру жүргізілді. Нәтижесінде сел бағыты аймағында орналасқан және өмір сүруге қауіпті жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.
Қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыстық келісімде болған жауапты шенеуніктердің: Ош қаласының экс-вице-мэрі, қалалық әкімдіктің ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы, "Кадастр" мемлекеттік басқармасы Ош филиалының бұрынғы басшысы болғаны анықталды. Ош облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, Ош қалалық мәслихатының депутатына су бұру каналындағы ауданы 2,2 гектар, шағын ауданның оңтүстік бөлігінде орналасқан жер телімін заңсыз иемденуге көмектескен", - деп хабарлады Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Instagram-дағы парақшасында.
Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2,2 гектарды құрайтын жер учаскесі 30 жер теліміне делимитациялау рәсімінен өтіп, олардың әрқайсысына жеке меншік құқығына мемлекеттік куәлік берілген. Жер телімдері тұрғын үйлерін салған үшінші тұлғаларға сатылған.
Осылайша, табиғи сел арнасына арналған каналдардың жоқтығынан жауын-шашын кезеңінде үлкен сел тұрғын үйлерді басқан.
Жерді заңсыз берді деген күдікке ілінген шенеуніктер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Депутатқа іздеу жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2139364-qyrgyzstandagy-sel-elding-ulttyq-qauipsizdik-memlekettik-komiteti-sheneunikter-ustalganyn-habarlady/