Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден Америка халқына жасаған үндеуінде не айтты

Жарияланған күні:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Eva Marie Uzcategui/Bloomberg via Getty Images

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден Америка халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысының сөзін америкалық телеарналар көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CNN-нің мәліметінше, үндеуде Байден 2024 жылғы президенттік сайлаудан бас тарту туралы шешімін демократияны сақтау қажеттілігімен түсіндірді.

"Мен бұл лауазымды құрметтеймін, бірақ мен өз елімді одан да жақсы көремін", - деді саясаткер сөзінің басында.

Байден үндеу жасаған кабинетте көптеген президент ұлттық дағдарыстар кезінде Америка халқына маңызды саяси мәлімдемелер жасаған.

"Сіздердің президенттеріңіз ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Бірақ қауіп төніп тұрған демократияны қорғау – кез келген атақтан гөрі маңызды. Мен Америка халқының игілігі үшін жұмыс істеуден күш аламын және қуанамын", - деді ол.

Бұл үндеуі жексенбіде сайлауға түспейтіндігі туралы мәлімдемесінен кейін жасаған алғашқы мәлімдемесі болды. Сонымен қатар өткен аптада COVID-19 сынағының оң нәтижесінен кейін көптеген америкалық оны алғаш рет көрген, деп жазады тілшілер.

Шамамен 11 минутқа созылған сөзінде Байден өзінің биліктегі қалған айларында қол жеткізуге үміттенетін мақсаттарына тоқталды.

Ол сондай-ақ алдағы сайлауда АҚШ президенті болуға ниетті Камала Харристі қолдайтынын білдірді.

Байден өзінің екінші мерзімге сайлануға лайық екенін, бірақ эстафетаны жаңа ұрпаққа беру үшін президенттік жарыстан шығып кеткенін атап өтті.

"Енді таңдау сіздерде, Америка халқы", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2139451-dzho-baiden-amerika-halqyna-zhasagan-undeuinde-ne-aitty/