Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп Байденнің Америка халқына жасаған үндеуін сынға алды

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Jacek Boczarski/Anadolu via Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденнің Америка халқына жасаған үндеуін сынады. Байден үндеуінде президенттік сайлаудан не үшін шығып қалғанын түсіндірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамп Truth әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұрынғы қарсыласының сөзіне түсініктеме берді.

"Джо Байденнің сөзі түсініксіздеу және өте нашар болды!", - деп жазды ол.

Еске салсақ, АҚШ президенті Джо Байден Америка халқына үндеу жасағанын хабарлаған едік. Оның сөзін америкалық телеарналар көрсетті.

Айта кетейік, 22 шілдеде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын жазған едік.

Джо Байден соңғы кездерде түрлі қылық көрсетіп жүргені мәлім. Мәселен, радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты.

Сондай-ақ Байден президенттік бәсекеден кетуге шешім қабылдағанын, сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2139462-tramp-baidenning-amerika-halqyna-zhasagan-undeuin-synga-aldy/