Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облысында адамдар эвакуацияланып жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Эвакуациялау жұмыстары
Эвакуациялау жұмыстары. Видеодан кадр: t.me/mchs_official

Бөгеттің жарылуына байланысты құтқарушылар Ресейдің Челябі облысындағы Киолим, Мухаметово, Байдашево және Карасево ауылдарының тұрғындарын эвакуациялап жатыр. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Карабаш қалалық округінде жаңбыр мен Киолим су қоймасына келетін судың ұлғаюы салдарынан бөгеттің жағалау бөлігінің 100 метрін шайып кеткен. Карабаш қаласында екі мектепте уақытша орналастыру орталықтары ашылған.

Кейін Челябі облысында 163 тұрғын, оның ішінде 21 бала эвакуацияланғаны белгілі болды. Олар Карабаш қаласындағы уақытша орналастыру орталықтарына жеткізіліп жатыр.

Үлкен Киолим өзенінің арнасын бойлай толқын Мухаметово ауылына жеткені хабарланды. Өзендегі су деңгейі 7 сантиметрге көтерілген.

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Челябідегі Киолим ауылында су деңгейі төмендеп, барлық тұрғын эвакуацияланғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2140461-reseiding-qazaqstanmen-shekaralas-oblysynda-adamdar-evakuatsiialanyp-zhatyr-video/