Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: кем дегенде 140 адам зардап шеккен

Жарияланған күні:

Пойыз. Фото
Пойыз. Фото: t.me/rian_ru

Ресей темір жолдары Волгоград облысында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан зардап шеккендер туралы алдын ала ақпаратты жариялады. Бұл туралы тасымалдаушыға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей темір жолдарының баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, №491 Қазан-Адлер жолаушылар пойызының рельстен шығып кетуі салдарынан 16 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13 ересек жолаушы, бір бала және екі жолсерік бар.

Оқыс жағдай кезінде пойызда барлығы 803 жолаушы болған. Пойыз апаты салдарынан 140-қа жуық адам зардап шеккен.

Ресей темір жолдары төтенше жағдайдан кейін "жедел желі" іске қосылғанын хабарлады.

Еске салсақ, бүгін, 29 шілдеде Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кеткен еді.

Ресей темір жолдары компаниясының Telegram-дағы ақпаратынша, бүгін сағат 12:35-те Волгоград облысындағы Гремячая — Котельниково өткелінде "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі теміржолға шығып кетіп, № 491 "Қазан-Адлер" жолаушылар пойызына соқтығысуға жол берген.

Нәтижесінде жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2141493-reseide-zholaushylar-poiyzy-relsten-shygyp-ketti-kem-degende-140-adam-zardap-shekti/