Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Венесуэлада президент сайлауынан кейін жаппай наразылық басталды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Венесуэладағы наразылық
Венесуэладағы наразылық. Видеодан кадр: t.me/rian_ru

Венесуэлада оппозиция өкілдері президент сайлауындағы соңғы дауыс беру нәтижелерін мойындамады. Осыдан соң елде жаппай наразылықтар басталып, жүздеген адам көшеге шыққан.

Каракаста полиция мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс басталды, деп жазады "РИА Новости".

Таяқтармен қаруланған жүздеген адам Каракастың орталық аудандарында жүргені, кейбіреулері полицияға қарсы жанғыш қоспалар қолданғаны хабарланды.

Тілшілердің жазуынша, олардың көпшілігі бетін орамал мен банданамен жауып алған.

Шерушілер жолдың ортасына құрылыс қалдықтарын шашып, өртеген.

Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданғаны белгілі болды.

Президент сарайының маңында әскери техникалар қойылып, оған апаратын даңғыл жабылған. Ұлттық ассамблея мен сайлау комиссиясының ғимараттарында да қауіпсіздік күшейтілді.

Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған "РБК" хабарлауынша, Каракаста наразылық кезінде оқ атылған.

Қақтығыс кезінде жиырмаға жуық демонстрант қамауға алынған.

Еске салсақ, 28 шілдеде Венесуэлада президент сайлауы өтті. Саяси додада елдің қазіргі президенті Николас Мадуро жеңіске жеткен. Алайда оппозиция өкілдері 2018 жылғы сайлаудағыдай нәтижелердің бұрмаланғанына сенімді екендерін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2141607-venesuelada-prezident-sailauynan-keiin-narazylyq-bastaldy-video/