Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шешенстан басшысы Қадыров Мирзиёевтің туған күніне асыл тұқымды екі жылқы сыйлады

Жарияланған күні:

Рамзан Қадыровтың Өзбекстан президентіне сыйлаған жылқылары
Рамзан Қадыровтың Өзбекстан президентіне сыйлаған жылқылары. Видеодан кадр: t.me/RKadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің туған күніне жылқы сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қадыровтың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамзан Қадыровтың сөзінше, Грозныйда "АХМАТ" Азия жекпе-жек лигасының президенті Надыр Қадировке екі асыл тұқымды жылқы тапсырғанын айтты.

"Бұл – қымбатты ағамыз, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев ағамыздың туған күніне орай жасаған тарту. Оның асыл тұқымды жануарларға деген сүйіспеншілігін білетіндіктен, оған бұл сыйлық ұнайтынына сенімдімін", - деп жазды Қадыров.

Шешенстан басшысы жылқылар өте жақсы бапталғанын, әртүрлі ат жарыстарында жақсы нәтиже көрсеткенін де атап өтті.

"Шавкат Миромонұлына және Өзбекстан тұрғындарына шын жүректен шыққан тілегімді жеткізуді өтіндім. Шешенстан Республикасы екі ел арасында қалыптасқан тығыз бауырластық қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз. Әрине бұл үшін Шавкат Миромонұлының еңбегін атап өткен жөн. Біз Шешен Республикасының да, Өзбекстанның да дамуына үлес қосатын тәжірибе мен біліммен белсенді түрде алмасып отырамыз.

Өзбекстан халқына гүлдену, ал Шавкат Мирзиёевке ұзақ өмір және республиканың даму жоспарларын іске асыруда табыс тілеймін!", - деп жазды Шешенстан басшысы.

Айта кетейік, 24 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 67 жасқа толған еді.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметі мәліметінше, Шавкат Миромонович Мирзиёев 1957 жылы 24 шілдеде Джизах облысының Замин ауданында дәрігердің отбасында дүниеге келген.

Ол 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап Өзбекстан Республикасының президенті лауазымында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2142369-sheshenstan-basshysy-qadyrov-mirziioevting-tugan-kunine-asyl-tuqymdy-eki-zhylqy-syilady/