Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пентагон басшысы 11 қыркүйектегі терактіде айыпталғандармен жасалған келісімнің күшін жойды

Жарияланған күні:

11 қыркүйектегі теракт, Нью-Йорк
11 қыркүйектегі теракт, Нью-Йорк. Фото: David Lefranc/Kipa/Sygma via Getty Images

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин 31 шілдеде қол жеткізілген 11 қыркүйектегі терактілердің ықтимал ұйымдастырушыларымен жасалған келісімнің күшін жойды, деп хабарлайды Euronews.

Бұл туралы оның қызметтік жазбасынан белгілі болды. Келісімнің жасалуы көптеген республикалықтың, соның ішінде Өкілдер палатасы мен Сенаттағы партия лидерлері Майк Джонсон мен Митч Макконнеллдің, сондай-ақ теракт құрбандарының көптеген туысының сынына ұшырағаны атап өтілді.

Басылымның жазуынша, сенатор Джонсон мұндай шешімді қаза тапқандардың жақындарына жасалған "шапалақ" деп атаған, ал АҚШ вице-президенті лауазымына үміткер Джей Ди Вэнс Америкаға "террористермен келіссөз жүргізетін емес, оларды жоятын президент қажет" деп мәлімдеді.

Өзінің қызметтік жазбасында Остин бұл іс бойынша алдын ала келісімдер жасау құқығын Гуантанамодағы әскери сотта істі қараған бригадалық генерал Сьюзан Эскальеден алынғанын хабарлады.

"Бұл шешімнің жауапкершілігі маған жүктелуі керек", - делінген Остиннің мәлімдемесінде.

Еске салайық, тамыздың басында 11 қыркүйектегі терактілерді ұйымдастырды деп айыпталғандар кінәсын мойындауға келісіп, өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыруға келіскені белгілі болған.

Үш жыл бұрын біз осы іс бойынша ФТБ-ның (ФБР) алғашқы құпия құжаты туралы жазған едік, ол АҚШ президенті Джо Байденнің бұйрығымен ашық жарияланған болатын. 11 қыркүйектегі терактілерге қатысты құжаттарды құпиясыздандыру Байденнің сайлау алдындағы уәделерінің бірі болған.

Сондай-ақ 2021 жылы терактілердің 20 жылдығына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірген болатын. Ол Америка халқына көңіл айтып, Қазақстанның терроризмге қарсы күресте халықаралық қауымдастықты қолдайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2144271-pentagon-basshysy-11-qyrkuiektegi-teraktide-aiyptalgandarmen-zhasalgan-kelisimning-kushin-zhoidy/