Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Камала Харристің күйеуі опасыздық жасағанын мойындады

Жарияланған күні:

Камала Харрис
Камала Харрис. Фото: Chris duMond/Getty Images

АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харристің күйеуі Дуг Эмхофф мәлімдемесінде бірінші әйелін алдағанын мойындады. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Вице-президент Камала Харристің күйеуі Дуг Эмхофф CNN арнасына жасаған мәлімдемесінде бірінші некесінде әйеліне опасыздық жасағанын мойындады. Эмхофф бұл мәлімдемені оның жеке өмірі туралы мәліметтер басқа ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін жасаған.

"Бірінші некеде Керстин екеуміз менің әрекеттерімнің салдарынан қиын кезеңдерді бастан өткердік. Мен жауапкершілікті өз мойныма алдым, содан бері біз бір отбасы болып жұмыс істеп, мықтырақ бола түстік", - деді Эмхофф мәлімдемесінде.

Эмхоффтың бұл мәлімдемені жасауына Daily Mail газетінде жарияланған Эмхофф кішкентай қызының мұғалімімен қарым-қатынаста болғаны, салдарынан бірінші некесі бұзылғаны туралы ақпарат түрткі болған.

Телеарна дереккөзі Эмхофф Харриске бұл қарым-қатынас туралы олар үйленбей тұрып айтқанын және қарым-қатынастың Харриске дейін аяқталғанын айтады.

Пайда болған мәліметтерге сәйкес, әйел жүкті болған және оның жақын құрбысының айтуынша, ол "түсік жасатқан". Әйел оқиғаға қатысты пікір білдіруді сұраған CNN тілшілерінің дауыстық хабарламасына жауап бермеді.

Харристің сайлауалды штабы мәлімдемеге түсініктеме беруден бас тартты. Daily Mail хабарлаған негізгі фактілерді компания жоққа шығара деген сауалға түсініктеме берілген жоқ.

"Дуг екеуміз көптеген жыл бұрын әртүрлі себептермен некемізді бұзуды шештік. Ол біздің балаларымыз үшін тамаша әке, мен үшін керемет дос болып қала береді және Дуг Камаламен бірге құрған аралас отбасымызбен шынымен мақтанамын", - деді Эмхоффтың бұрынғы әйелі Керстин Эмхофф.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2144449-kamala-harristing-kuieui-opasyzdyq-zhasaganyn-moiyndady/