Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда Еуропадағы ең қауіпті жанартау оянды (видео)

Жарияланған күні:

Жанартау атқылауы. Фото
Жанартау атқылауы. Фото: x.com/volcaholic1

Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы қайта оянды. Бұл жолы жанартаудың оянуы әуежайлардың жұмысына әсер етіп, рейстердің кешігуіне әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Euronews.com сайтының хабарлауынша, Еуропадағы ең қауіпті саналатын жанартау Этна қайта оянған. Тұрғындар түтіннің көтерілгенін және кратерден лава ағындары қалай ағып жатқанын көріп, оны видеоға түсіріп жатыр.

Жексенбіде таңертең Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институты Ворагин кратерінен атқылаған "лава фонтаны" және шығыс пен оңтүстік-шығысқа қарай созылған "жанартау бұлты" туралы хабарлады.

Жанартаудың етегінде орналасқан Катания халықаралық әуежайы атқылауға байланысты рейстер санын сағатына 6 рейске дейін шектеп, олардың кейбірін кейінге қалдырды, тоқтатты және басқа сицилиялық әуежайларға бағыттады.

Бұған дейін жанартаудан ең көп зардап шеккен муниципалитеттердің бірі Джярре қаласының мэрі апатты жағдайды болдырмау үшін жолдарда көліктердің жылдамдығын төмендетуге тапсырма берген.

Dw.com сайтының хабарлауынша, әуежайдағы шектеулер алынып тасталды, бірақ әуежайлар "рейстер кешігуі және тоқтатылуы мүмкін" деп ескертті.

Порталдың хабарлауынша, соңғы апталарда Этнада қарқынды белсенділік байқалды: шілденің басынан бері бірнеше рет ыстық күл мен лава атқылаған. Соңғы айда екі рет жанартау күлі ұшып-қону жолақтарына түскеннен кейін әуежай барлық рейстерді тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2144467-italiiada-europadagy-eng-qauipti-zhanartau-oiandy-video/