Бразилияда жолаушылар ұшағы тұрғын үйлердің үстіне құлады (видео)
Жарияланған күні:
Бразилияның Сан-Паулу қаласында Linhas Aéreas әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың құлаған сәті бейнеленген кадрлар желіде жарияланып.
CNN телеарнасының хабарына қарағанда, ұшақ Сан-Паулудың маңындағы тұрғын ауданға құлаған.
Бразилияның Азаматтық қорғаныс қызметі ұшақ бірнеше үйге соғылғанын хабарлады. Fligthradar24 порталына сілтеме жасаған телеарна Linhas Aéreas әуе компаниясының ұшағы Каскавела қаласынан ұшып шыққанын және Гуарульюсқа бағыт алғанын, бірақ сигналды жоғалтқанын атап өтті. Журналистер мемлекеттік органдармен және әуе компаниясымен байланысқа шықты, бірақ жауап алған жоқ.
"Интерфакс" агенттігі бразилиялық өрт қызметіне сілтеме жасап, апаттың ауылдық жерде болғанын жазған. Бразилиялық БАҚ-та ATR 72 турбовинтті ұшағы туралы айтылған. Кейбір деректер бойынша, ұшақта 58 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Олардың тағдыры туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бразилияның өрт қызметі Х әлеуметтік желісінде ұшақ апатқа ұшырағанын растады. Апат орнына 7 өрт бригадасы жіберілді. Басқа ақпарат әзірше жарияланған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2147145-braziliiada-zholaushylar-ushagy-turgyn-uilerding-ustine-qulady-video/