Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 күн ғана жұмыс істеген: Иранның вице-президенті отставкаға кетті

Жарияланған күні:

Джавад Зариф
Джавад Зариф. Фото: Sobhan Farajvan/Pacific Press/LightRocket via Getty Images

Иранның стратегиялық мәселелер бойынша вице-президенті отставкаға кетті. Ол бұл қызметке 1 тамыз күні тағайындалып, тек 10 күн жұмыс істеген, деп хабарлайды "Анадолу" агенттігі.

Басылым мәліметінше, 1 тамызда Иранның стратегиялық мәселелер бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалған Джавад Зариф отставкаға кетті. Ол бұл қызметте 10 күн ғана жұмыс істеген.

Зариф өз ресми мәлімдемесінде Тегеран университетіндегі жаһандық зерттеулер факультетіне оқытушылық қызметке оралатынын айтқан. Ол жоғары оқу орнына 2021 жылы, Иранның бұрынғы президенті Хасан Рухани кезінде сегіз жыл сыртқы істер министрі болғаннан кейін келген.

Айта кетейік, Джавад Зариф Астанаға 2021 жылғы қараша айында Иран СІМ басшысы болған тұсында келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2147904-10-kun-gana-zhumys-istegen-irannyng-vitse-prezidenti-otstavkaga-ketti/