Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда бозбала пышақпен және балғамен адамдарға шабуыл жасады: зардап шеккендер бар (видео)

Жарияланған күні:

Түркия туы
Түркия туы. Фото: pixabay.com

Түркияның Эскишехир қаласында оқ өтпейтін кеудеше мен бас киім киіп, кеудесіне нацистік белгі таққан азамат бес адамды жаралады. Күдікті 18 жастағы жігіт болып шықты.

Cumhuriyet жергілікті басылымы Х әлеуметтік желісінде зардап шеккен екі адамның жағдайы аса ауыр екенін хабарлады. Ал адамдарға шабуыл жасаған жігіт оқ өткізбейтін кеудеше мен бас киім киген, бетін бетпердемен жауып, көзілдірік таққан.

Күдіктінің төсінде "Қара күн" нацистік белгісі болған. 18 жастағы жігіт шабуыл жасағанда әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген.

Ескерту! Видеода күш көрсету сахналары бар! Психикасы әлсіз адамдарға, жүкті келіншектер мен 18 жасқа толмаған балаларға көруге кеңес берілмейді.

Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч аталған жайтқа қатысты Х әлеуметік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады.

"Эскишехирде тұрғындарға шабуыл жасап, бес адамды жаралаған күдікті А.К қалалық бас прокуратураның бастамасымен тергеу аясында ұсталды", - деді ол.

Mash Telegram-арнасы күдіктінің кеудесіндегі "Өлі бас" нацистік 3-СС танкі дивизиясының белгісі екенін жазды. Сондай-ақ арна жігіт шабуылдаған сәтін GoPro-ға таспалағанын айтты, кейін видео әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2148129-turkiiada-zhasospirim-pyshaqpen-zhane-balgamen-adamdarga-shabuyl-zhasady-zardap-shekkender-bar-video/