Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамппен cұқбаттасқан Илон Маск енді Камала Харриспен әңгімелескісі келетінін айтты

Жарияланған күні:

Камала Харрис
Камала Харрис. Фото: Chris duMond/Getty Images

Әлемдегі ең бай адам Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен өткен сұхбаттан кейін Камала Харриспен де осындай форматта әңгімелескісі келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Масктың X әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен Камаламен (Харрис - ред. ескертпесі) X ашық алаңында сұхбат өткізсем, қуанар едім", - деді Маск.

Илон Маск Дональд Трамппен өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісінде екі сағатқа жуық сұқбаттасқан. Әңгімелесу барысында Маск америкалықтарды алдағы АҚШ президенттік сайлауында Трампқа дауыс беруге шақырды және оның үкіметтік комиссияны басқарғысы келетінін айтты, деп жазды ВВС орыс қызметі.

Еске салсақ, АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп миллардер Илон Маскқа берген сұқбатында Камала Харрис туралы ойын айтып, оны қабілетсіз деп атаған еді.

Сұқбат аясында ол шілде айындағы қастандық кезінде құпия қызметтің әрекеттеріне баға берді.

Трамптың пікірінше, агенттік қызметкерлері "кәсіби" жұмыс істеді, бірақ жалпы жағдай оған "шын өмірге ұқсамайтын әсер қалдырған".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2148351-tramppen-cuqbattasqan-ilon-mask-endi-kamala-harrispen-anggimeleskisi-keletinin-aitty/