Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан президентінің кенже қызы жоғары лауазымды қызметке сайланды

Жарияланған күні:

Шахноза Мирзиёева
Шахноза Мирзиёева. Фото: t.me/Paralympicuz

Өзбекстан президентінің кенже қызы Шахноза Мирзиеева лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өзбекстанның Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шахноза Мирзиеева Өзбекстанның Ұлттық паралимпиада комитетінің бірінші төрағасының орынбасары болып сайланды.

"Қазіргі уақытта ол Өзбекстан президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің бірінші директорының орынбасары", - делінген комитеттің хабарында.

UzNews.uz мәліметінше, Шахноза Мирзиеева 1986 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол педагогика ғылымдарының кандидаты және құқық және әлемдік экономика саласында магистр дәрежесіне ие.

Айта кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің екі қызы және бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2148712-ozbekstan-prezidentining-kenzhe-qyzy-zhogary-lauazymdy-qyzmetke-sailandy/