Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде сот Әблязовтың сыбайласын сырттай тұтқындады

Жарияланған күні:

Александр Поткин
Александр Поткин. Фото: twitter.com/BelovPotkin

Мәскеудегі сот ақша жымқыру бойынша ұлтшыл Александр (Белов) Поткинді сырттай тұтқындады. Ол осы жылдың басынан бері халықаралық іздеуде жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәскеудің Замоскворецкий соты Поткинді ақшаны жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша сырттай қамауға алды, деп хабарлады сот РИА Новости тілшілеріне.

Оған халықаралық іздеу жарияланды. Ресейде Александр 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. РБК ақпараты бойынша, 2000 жылдардың басында Поткин БТА Банкінің сол кездегі тең иесі Мұхтар Әблязовпен ынтымақтастықта болған.

Басылым мәліметінше , Поткин 2011 жылдан 2015 жылға дейін экстремистік деп танылған және тыйым салынған "орыстар" ұлтшыл ұйымын басқарған және оған дейін экстремистік деп танылған және тыйым салынған заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалысқа жетекшілік еткен.

2014 жылдың қазан айынан бастап БТА Банкінің салымшыларынан ақша ұрлау және оны заңдастыру дел бойынша қамауда болды. Поткин ұрланған ақшаға Домодедов ауданынан учаскелер сатып алған.

Ал жаңа қылмыстық қудалауға тергеудің бұрын істе көрсетілмеген тағы бір учаскенің табылғаны себеп болған.

2016 жылы Поткин эсктремизм және БТА Банкінің ұрланған қаражатын заңдастыру ісі бойынша жеті жарым жылға сотталды, бірақ кейінірек экстремистік іс бойынша мерзім үш жарым жылға дейін қысқарды. БТА Банкінің талабы бойынша ол 5 миллиард рубль төлеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2148868-maskeude-sot-abliazovtyng-sybailasyn-syrttai-tutqyndady/