Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тауып, экипаж мүшелері зардап шекті

Жарияланған күні:

Әскери ұшақ
Әскери ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Иркутск облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшқыштардың бірі қаза тапты, қалған экипаж мүшелері зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде жоспарлы рейспен келе жатқан әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Иркутск облысының басшысы Игорь Кобзев мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық ұшқыштар шығарылған.

Алайда қазір олардың бірінің қайтыс болғаны белгілі болды.

"ТУ-22М3 әскери ұшағы апатқа ұшыраған жерде жұмыс түні бойы жалғасты. Өкінішке қарай, ұшқыштардың бірін құтқару мүмкін болмады. Мұндай ақпаратты Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери қолбасшылық органдары береді.

Қалған ұшқыштар әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды", - деп жазады ол Telegram-дағы арнасында.

Кобзев енді мамандар апаттың нақты себебін анықтауы керек екенін айтты.

Айта кетейік, Бразилияның Сан-Паулу қаласында Linhas Aéreas әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, тұрғын үйлердің үстіне құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2149615-reseide-askeri-ushaq-apatqa-ushyrady-ushqysh-qaza-tauyp-ekipazh-musheleri-zardap-shekti/