Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүздеген ауланы су басты: Ыстықкөлдің оңтүстігі мен солтүстігінде сел жүрді (фото)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ыстықкөл аумағындағы сел
Ыстықкөл аумағындағы сел. Фото: Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының оңтүстігі мен солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан сел жүрді. Тасжол мен жүздеген ауланы су басып қалды, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Ыстықкөл облысының оңтүстігі мен солтүстігінде сел жүрді.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Шоң-Қызылсу өзеніндегі су арнасынан шығып, аулаларды басып қалды. Сонымен қатар Сару ауылында сел тасжолды басып, көлік қозғалысын қиындатқан.

Өткен түні Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында сел Бұлан-Соготу, Корумду, Теміровка ауылдары мен "Ыстықкөл Аврора" пансионатының аумағын басып қалды. Сондай-ақ жүздеген ауланы басқан.

Ыстықкөл аумағындағы сел
Ыстықкөл аумағындағы сел. Фото: Қырғызстан ТЖМ

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің 80-нен астам құтқарушысы, үш мотопомпа, үш экскаватор, төрт жүктиегіш және бір бульдозер жіберілгені хабарланды. Ыстықкөл облысында сел салдарын жоюға барлығы 300-ден астам адам жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында сел болған еді. Бірқатар ауылдағы үйлерді су басқан.

Шілде айында Қырғызстанның Ош облысы мен Ош қаласында да сел болды. Лай ағыны көліктерді ағызып, жолдарды су басқан.

Ошта демалыс орындарының бірінде үш қызы бар әйелді сел алып кеткені хабарланды. Кейін Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың денесі табылды. Қыздың денесі Қырғызстан тарапына берілді. Одан кейін Өзбекстан шекарасынан 500 метр жерде құтқарушылар өзеннен селдің екінші құрбаны болған әйелдің денесін тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2150416-zhuzdegen-aulany-su-basty-ystyqkolding-ongtustigi-men-soltustiginde-sel-zhurdi/