Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыров Илон Маск Cybertruck көлігін сыйлағанын айтты: миллиардер ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Рамзан Қадыров мінген Cybertruck көлігі
Рамзан Қадыров мінген Cybertruck көлігі. Фото: t.me/s/RKadyrov_95

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Рамзан Қадыровқа Tesla Cybertruck электркөлігін бермегенін айтты. Бұған дейін Шешенстан басшысы қымбат көлікті Маск берді деп мәлімдеген болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында Telegram-дағы ресми арнасында kadyrov_95 Tesla Cybertruck электркөлігін сынақтан өткізген видео жарияланды. Қадыров жазбасында көлікті әскери мақсатта пайдалануға болатынын және ресейлік әскерилерге жіберілетінін хабарлады.

Шешенстан басшысының айтуынша, оған мұндай сыйлықты Илон Маск жасаған.

"Мен Илон Маскке шын жүректен алғысымды білдіремін! Бұл, әрине, біздің заманымыздың ең мықты данышпаны және маманы. Керемет адам! Жақсы, Cybertruck мықты жоба болып шықты. Сөзсіз, әлемдегі ең жақсы көліктердің бірі. Мен бұл көлікке ғашық болдым, Грозныйға келіңіз, сізді ең қымбат қонағым ретінде қабылдаймын!", - делінген жазбада.

Бүгін X әлеуметтік желісінде журналист Сет Абрамсонның Қадыров пен оның жаңа көлігі туралы жазбасында Илон Маск Шешенстан басшысына Cybertruck бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мен ресейлік генералға Cybertruck бердім деп ойлайтындай ақымақсыз ба?... Бұл дәстүрлі БАҚ-тың өтірік айтатынының тағы бір мысалы", - деп жазды Маск.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2150449-ramzan-qadyrov-ilon-mask-cybertruck-koligin-syilaganyn-aitty-milliarder-aqparatty-zhoqqa-shygardy/