Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ален Делон жеке поместьесінде 35 итінің жанына жерленетін болды

Жарияланған күні:

Ален Делон
Ален Делон: instagram.com/alain_delon_daily

Актердің өсиеті бойынша, ол 35 иті жерленген Франциядағы жеке поместьесіне жерленеді. Бұл туралы РБК порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның ақпаратынша, француздық БАҚ жерлеу рәсімі апта ортасында, Souls коммунасында орналасқан Делонның жеке поместьесінде өтетінін хабарлады.

Рәсім құжатта жазылғандай шағын шіркеуде өтуі керек.

Рәсім "аса құпия жағдайда" өтеді, өйткені көзі тірісінде Делон оның жария болуын құптамаған.

Ал жанкүйерлері мен әріптестері қатыса алатын қоштасу рәсімі кейінірек өтеді.

Еске салсақ, жексенбі, 18 тамызда атақты француз актері Ален Делон 88 жасында дүниеден өткенін хабарлаған едік. Актердің дүние салғанын француз ақпарат құралдары хабарлады.

Ален Делон өткен ғасырдың 60-80-жылдарда жарқырап шыққан театр және кино актері, сонымен қатар режиссер, продюсер және сценарист.

Ол "Рокко және оның бауырлары", "Самурай", ""Қаладағы екеу" фильмдеріндегі рөлдерінің арқасында кең танылды. Делон "Біздің оқиға" фильмі үшін "Сезар" сыйлығының және Халықаралық Берлин кинофестивалінің құрметті иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2150728-alen-delon-zheke-pomestesinde-35-itining-zhanyna-zherlenetin-boldy/