Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Яхта апаты кезінде "британиялық Билл Гейтс" із-түссіз жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Майкл Линч
Майкл Линч. Фото: Matthew Lloyd/Bloomberg via Getty Images

Британиялық технология магнаты Майк Линч Сицилия жағалауында Bayesian яхтасы суға батқаннан кейін із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Британиялық кәсіпкер Майк Линчтің яхтасы қатты дауыл кезінде Сицилия жағалауында суға батып кетті.

56 метрлік Bayesian желкенді қайығында 22 адам болған. Италиялық жағалау күзеті мәлімдемесінде торнадо соққан кезде кеменің Портичелло портының жанында теңізде зәкірмен бекітілгені айтылды.

Кеме аспазының қайтыс болғаны расталды, ал тағы алты адам, соның ішінде Линч пен оның 18 жастағы қызы Ханна із-түссіз жоғалғандар тізіміне енгізілді. Жағалау күзеті хабар-ошарсыз кеткен адамдардың Ұлыбритания, Америка және Канада азаматтары екенін айтты.

Әзірге 15 адам құтқарылды, оның ішінде Линчтің әйелі Анджела Бакарес бар. Линчтің өкілі түсініктеме беруден бас тартты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілі Сицилиядағы оқиғадан кейін зардап шеккендерге консулдық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Басылым Линч Autonomy бағдарламалық жасақтама әзірлеу компаниясының негізін қалаушы ретінде танымал екенін атап өтеді. Бір кездері оны "британиялық Билл Гейтс" деп атаған. Линч соңғы он жылдың көп бөлігін сотта, АҚШ-тың Hewlett-Packard технологиялық компаниясына Autonomy-ды 11 миллиард долларға сатуға байланысты алаяқтық айыптаулардан өз атын қорғаумен өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2150850-iahta-apaty-kezinde-britaniialyq-bill-geits-iz-tussiz-zhogalyp-ketti/