Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Волгоград облысында тұтқындар мекеме қызметкерлерін кепілге алды: зардап шеккендер бар

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ресейдің Волгоград облысында №19 колониядағы тұтқындар түрме қызметкерлерін кепілге алды. Бүлік тәртіп комиссиясы отырысы кезінде болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Волгоград облысында №19 колония тұтқындары мекеме қызметкерлерін кепілге алған, зардап шеккендер бар. Ақпаратты басылымға Федералдық қылмыстық атқару қызметі растады. Басылымда жарияланған мәлімет бойынша, бұл жайт тәртіп комиссиясы отырысы кезінде болған.

Telegram-дағы Shot арнасының дереккөзіне сәйкес, оқиға орнына арнайы күштер бірден жеткен. Арна дереккөзінің мәлімдеуінше, жалпы, колонияда 1230 тұтқын бар, ал шабуылдаушылар өздерін тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымның мүшелері деп атаған. Федералдық қылмыстық атқару қызметінің бір қызметкері өлтірілген деген болжам бар.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Суровикино колониясында кепілге алынғандарды босату шаралары жүріп жатыр.

Кепілге алу дерегін Ресейдің федералдық қылмыстық атқару қызметі растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2152681-reseiding-volgograd-oblysynda-tutqyndar-mekeme-qyzmetkerlerin-tutqynga-aldy-zardap-shekkender-bar/