Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Волгоград түбіндегі колонияда мекеме қызметкерлері кепілге алынды: тұтқындар ұсталды

Жарияланған күні:

Түрме. Көрнекі фото
Түрме. Көрнекі фото: pixabay.com

Арнайы жасақтың Волгоград түбіндегі №19 колонияда кепілге алынғандарды босату бойынша операциясы аяқталды. Мекеме қызметкерлерін кепілге алған тұтқындар ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Волгоград облысы Суровикино қаласындағы №19 қатаң режимдегі колонияда адамдар кепілге алынғаны туралы алғашқы ақпарат Мәскеу уақытымен шамамен 13:30-да пайда болды.

РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Ресей гвардиясының снайперлері Суровикинодағы түрме қызметкерлерін кепілге алған төрт тұтқынды залалсыздандырғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта арнайы жасақ кепілге алынғандарды босатқан.

Басылым шабуылдан кейінгі кадрларды жариялады.

Айта кетейік, ТАСС жедел қызметтегі дереккөзге сілтеме жасап, кем дегенде бір қызметкер қаза тапқанын жазады. Telegram-дағы Baza арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, кепілге алу кезінде үш адам қаза тауып, кемінде бес адам жараланғанын хабарлаған еді.

Интерфакс агенттігі кем дегенде үш зардап шеккен адам жансақтау бөліміне жіберілгенін жазады. ТАСС дәрігерлерге сілтеме жасап, жараланған федералдық қылмыстық атқару қызметінің төрт қызметкері Суровикино орталық аудандық ауруханасына жатқызылғанын хабарлады. Бұл ақпаратты кейінірек Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров растады. Волгоград облысы денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Анатолий Себелевтің айтуынша, олардың екеуі ауыр, тағы екеуі орташа ауыр халде жатыр.

Baza-ның ақпаратынша, федералдық қылмыстық атқару қызметінің екі қызметкері басқыншылардан қашып үлгерген. Қашып құтылғандардың бірі – №19 қатаң режимдегі колония бастығы Андрей Девятов. Ол жараланып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2152776-volgograd-tubindegi-koloniiada-mekeme-qyzmetkerleri-kepilge-alyndy-tutqyndar-ustaldy/