Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль Ливанға соққы бергеннен кейін төтенше жағдай жариялады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Йоав Галант
Йоав Галант. Фото: Lev Radin/Pacific Press/LightRocket via Getty Images

Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант елде 48 сағатқа төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант елдегі "ерекше жағдай" режиміне байланысты алдағы 48 сағат ішінде төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады. Оған Израиль әскерилерінің Ливандағы Хезболла қозғалысы нысандарына алдын алу соққылары себеп болған..

Бүгін Израиль әскері Ливандағы "Хезболла" нысаналарына соққы беріп жатқанын хабарлады. Би-би-си Орыс қызметінің хабарлауынша, әскерилер"Хезболла" Израильге зымыран ұшыруға дайындалып жатыр және соққылар іс жүзінде алдын алу болды, деп мәлімдейді.

Сондай-ақ Тель-Авив халықаралық әуежайының рейстерді қабылдау мен жіберуді тоқтатқаны атап өтілді. Ал жақын арада Израильдің Қауіпсіздік кабинеті шұғыл жиын өткізбек.

Еске салайық, осыған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен Израиль мен ХАМАС-ты келіссөздерді бұзбауға шақырған болатын, оның айтуынша, бұл Газада бітімге келу және кепілге алынғандарды босатудың соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін. Дегенмен, баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бұл әлі де жақын емес: Хамас пен Израиль бірнеше негізгі мәселелер бойынша өзара келісімдерге дайын емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2153037-izrail-livanga-soqqy-bergennen-keiin-totenshe-zhagdai-zhariialady/