Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия астанасында толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты

Жарияланған күні:

Анкарадағы су тасқыны. Фото
Анкарадағы су тасқыны. Фото: Ozge Elif Kizil/Anadolu via Getty Images

Кеше Түркия астанасы Анкарада күн бұзылып, қатты жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалада жауған жауын салдарынан көптеген жерасты өткелі, көшелер мен даңғылдар су астында қалды, деп жазады TRT Haber. Кейбір үйлердің бірінші қабаттары, жертөлелері мен жұмыс орындары да су астында қалды.

Жүргізушілерге жол жүру қиынға соққан, ал кейбір көліктер судың ортасында қалып қойған.

Ауа райының қолайсыздығынан бірқатар ауданда қозғалыс тоқтаған.

Анкардағы су тасқыны. Фото
Анкардағы су тасқыны. Фото: Ozge Elif Kizil/Anadolu via Getty Images

Қала билігі тұрғындарға су тасқыны болатынын, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін екенін алдын ала ескерткен.

Анкарадағы су тасқыны. Фото
Анкарадағы су тасқыны. Фото: Ozge Elif Kizil/Anadolu via Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2153158-turkiia-astanasynda-tolassyz-zhaugan-zhangbyrdan-koshelerdi-su-basty-foto-video/