Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еліңіз үшін қайғылы қателіктер жасамауға шақырамыз": Украина өкілдері Беларусь еліне үндеу жасады

Жарияланған күні:

Украина әскері. Көрнекі фото
Украина әскері. Көрнекі фото: pixabay.com

Украинаның Сыртқы істер министрлігі оқу-жаттығу желеуімен шекараға әскерилер мен техникалар шоғырландырған Беларусь еліне үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл мәлімдеме Украина сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Ведомство өкілдерінің барлау қызметтері деректеріне сілтеме жасап мәлімдеуінше, Беларусь қарулы күштері оқу-жаттығуларды желеу етіп, жеке құрамның едәуір бөлігін, атап айтқанда, арнайы операциялар күштерін, қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде танктер, артиллерия, әуе қорғанысы құралдары мен инженерлік техниканы Украинаның солтүстік шекараларына жақын маңдағы Гомель облысына шоғырландырған.

Сонымен қатар Украина Сыртқы істер министрлігінің өкілдері шекарада бұрынғы "Вагнер" жеке әскери компаниясының жалдамалы әскерилері анықталғанын хабарлады.

"Шекара белдеуінде және атом энергетикасы нысаны – Чернобыль атом электр станциясына жақын жерде жаттығулар өткізу Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне және жалпы әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Беларусь Республикасының лауазымды тұлғаларын Мәскеудің қысымымен өз елі үшін қайғылы қателіктер жібермеуге, ал оның қарулы күштерін достық пейілдегі емес әрекеттерді тоқтатуға және әскерін Украинаның мемлекеттік шекарасынан Беларусь Республикасында қолданылатын өрт жүйелерін жою ауқымынан асатын қашықтыққа шығаруға шақырамыз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомствода Украина ешқашан Беларусь халқына қарсы ешқандай достыққа жат әрекет жасамағанын және жасағысы келмейтінін атап өтті. Дегенмен Украина шекарасы бұзылған жағдайда министрлік өзін-өзі қорғауға қажет барлық шараны қабылдауға уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2153173-elingiz-ushin-qaigyly-qatelikter-zhasamauga-shaqyramyz-ukraina-okilderi-belarus-eline-undeu-zhasady/