Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дуровтың үш баласының анасымын деген әйел оның үстінен Швейцарияда сотқа шағым түсірген

Жарияланған күні:

Ирина Болгар
Ирина Болгар. Фото: instagram.com/missbolgar

Өзін Павел Дуровтың балаларының анасымын деп атаған Ирина Болгар Швейцарияда оның үстінен сотқа шағым түсірді. Әйел Дуровты баласына "физикалық күш көрсетті" деп айыптады, деп хабарлайды DW сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Болгар Telegram құрушысын баласына "физикалық зорлық-зомбылық көрсетті" деп айыптап, Швейцария сотына шағым түсірген.

Сотқа 2023 жылдың наурыз айында шағым түскенімен, ол қазір ғана белгілі болды.

Басылым авторларының хабарлауынша, Ирина Болгар Дуров 2017 жылы туған кіші ұлына 2021 жылдан 2022 жылға дейін бес рет "физикалық зорлық-зомбылық көрсеткенін" айтқан. Әйелдің сөзіне сілтеме жасаған басылым мәліметінше, физикалық зорлық-зомбылықтан баланың миына зақым келіп, ұйқысы бұзылған.

Тергеуге дәлел ретінде Болгар кейінірек Дуров екеуінің хаттарын, сондай-ақ 2023 жылғы сәуірдегі дәрігердің анықтамасын көрсеткен, анықтамала оның ұлының ұйқысы бұзылып, қатты үрейленгені жазылған.

Ирина Болгар олардың ортақ балаларын қамқорлыққа алу мәселесіне қатысты да азаматтық талап арыз берген. Павел Дуров жарыссөзге қатыспағандықтан, сот оның пайдасына шешті.

Дуровтың Болгар ісіндегі позициясы белгісіз болып қалды, деп жазады басылым.

Бұған дейін өзін Павел Дуровтың үш баласының анасымын деп атаған Ирина Болгар Instagram желісінде Telegram негізін қалаушымен қарым-қатынасы туралы жаңа жазбсына жариялаған еді.

Жазбада Павел Дуровпен 2012 жылы танысқаны, 2013 жылдан бастап Санкт-Петербургте "жұп ретінде бірге тұрып", оның үш баласы дүниеге келгенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2154556-durovtyng-ush-balasynyng-anasymyn-degen-aiel-onyng-ustinen-shveitsariiada-sotqa-shagym-tusirgen/