Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Павел Дуров Париж сотына жеткізілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: Getty Images/ Manuel Blondeau - Corbis / Contributor

Бірнеше БАҚ Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Парижде сотқа жеткізіліп, ғимарат сыртына арнайы қоршау қойылды деген ақпарат таратты.

РИА Новости тілшісінің хабарлауынша, бұған дейін екі көлік Париж маңындағы Алаяқтыққа қарсы ұлттық бюросынан жоғары жылдамдықпен шыққан. Көлікте Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров болуы мүмкін.

Париж прокуратурасындағы дереккөзге сілтеме жасаған басылым мәліметінше, Дуров тергеу судьясының алдына келді.

Францияда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және тең құрылтайшысы ағайынды Павел мен Николай Дуровтарды қамауға алу ордер берілген. Оларға ұйымдасқан топтағы кәмелеттік жасқа толмағандардың порнографиялық суреттерін иемдену, тарату, ұсыну және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету сияқты айып тағылған, деп жазады басылым Еуропалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ордерлер Париж прокуратурасының киберқылмыспен күрес жөніндегі жасырын бөлімшесі жүргізген Telegram-ды тергеу аясында берілген. Күдікті кәмелетке толмаған қыздардың порнографиялық фильмдерін таратуды талқылаған.

Telegram-дағы Mash арнасы Париж сот ғимаратының сыртында қалалық полицияның арнайы шлагбаумдар орнатып, қақпаларды жауып, айналасында полиция қызметкерлері тұрғанын жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2154568-baq-pavel-durov-parizh-sotyna-zhetkizildi/