Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапониядағы тайфун: миллиондаған адам эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Жапониядағы тайфун.
Жапониядағы тайфун. Фото: reuters.com

Жапонияның оңтүстік-батысына «Шаншань» тайфуны қатты жел мен жаңбыр әкеліп, электр жүйелерін істен шығарып, әуе қатынасын шектеді. Миллиондаған адамдар үйлерінен көшірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бейсенбі күні кешке қарай тайфун біршама әлсіреп (әдетте жағаға шыққаннан кейін болады), "қатты тропикалық дауыл" деңгейіне жетті. Алайда циклон бағанасы Жапонияның Кюсю аралына жеткенде ондағы желдің жылдамдығы 70 м/с-қа жеткен.

"Шаньшань" тайфуны салдарынан болған көшкін мен шатырдың опырылуынан кемінде төрт адам қаза тапқан, жүзге жуық адам жарақат алды.

Жергілікті бір тұрғынның із-түзсіз жоғалып кеткеніне бір тәулікке жуықтады. Теңізден мәйіт табылды, бірақ ол әлі анықталған жоқ: қайтыс болған басқа адам болуы мүмкін.

Kyushu Electric Power Co компаниясының мәліметі бойынша, жеті префектурадағы 237 мыңға жуық үй жарықсыз қалған.

Кюсюдан шамамен 1000 шақырымдай жерде орналасқан Айчти префектурасында қайтыс болған үш адам бір отбасының мүшелері: қарт ерлі-зайыптылар мен 30-дағы ер адам. Олардың үйі тайфун жағалауға соғар алдында қатты желден қираған.

Бірнеше сағаттан кейін үй қирандыларының астынан құтқарушылар қайтыс болған отбасының тірі қалған екі туысын алып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2155218-zhaponiiada-taifun-milliondagan-adam-evakuatsiialandy/