Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адам қаза тапқан: АҚШ-та тұрғын үйге ұшақ құлады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Тұрғын үйге ұшақ құлады
Тұрғын үйге ұшақ құлады. Фото: АВС

АҚШ-тың Орегон штатында тұрғын үйге ұшақ құлады. Өрт сөндірушілер үш адам қаза тапқанын хабарлады, деп жазады ABC арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым ақпаратынша, шағын екіқозғалтқышты ұшақ Орегон штатында тұрғын үйге құлаған. Ол алдымен қоршауға соғылып, артынан тұрғын үйге құлаған. Кем дегенде үш адам жоғалып кеткен.

Ұшақ бортында екі адам отырғаны, сондай-ақ үй иесі жоғалып кетті деп танылғаны хабарланды.

Өкінішке қарай, жергілікті өрт сөндіру қызметі олардың бәрі төтенше жағдайдан қаза тапқанын мәлімдеді. Марқұмдардың денесі табылған.

Авиадиспетчерлік қызметтің аудиожазбасына сілтеме жасаған телеарна хабарлауынша, ұшақштың қозғалтқышында ақау пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2155716-ush-adam-qaza-tapqan-aqsh-ta-turgyn-uige-ushaq-qulady-foto-video/